Құрылыс ағаш ұстасы

Мамандықтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері

Ағаш ұстасы – ежелгі мамандықтардың бірі. Шаруашылықта адамның алғашқы қолданған материалы ағаш болған. Оған себеп болған ағаштың жоғары физика-механикалық қасиеттері, жақсы өңделулігі, әдемі сыртқы пішіні.

         Ағаш ұстасы мамандығы қазіргі заманда да кеңінен таралған мамандықтардың бірі. Терезе және есік блоктары, терезе мен есік маңдайшалары,  жиектемелері  тағы да басқа ағаш бұйымдарын жасау  –  ағаш ұстасының жұмысы.

Еңбек процессінің қысқаша сипаттамасы

         Ағаш ұсталық жұмыстарында ағаш материалдарын негізгі өңдеу түрлері: аралау, сүргілеу, қашау, бұрғылау.  Ағаш материалдарды, оны өңдеу кезінде қалдықтар неғұрлым аз болатындай таңдау керек. Бөлшектерді  «пішіндеу» алдында ағашқа белгі салады. Содан кейін дайындамалардың алғашқы түрін жасап сүргі станоктарында өңдейді. Дайын бөлшектерден бұйымдарды құрастырып, оны соңғы рет өңдейді де нақты өлшемдерге жеткізеді. Қосылыстарды желіммен желімдейді, сонымен қатар шегемен, шпонмен, бұрамашегемен, болтпен және т.б. жалғайды. Сырқы көрінісін жақсарту  үшін және беріктік пен төзімділік беру үшін бұйымдар беттеріне ағаш ұсталық, сырлау  мен арнаулы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

         Негізгі құрылыс ағаш ұсталық бұйымдар конструкцияларына терезе, балкон және есік блоктары, қабырғалық жиһаздар, ағаш аралықтар, қабырға панельдері, тамбурлар жатады.

         Ағаш ұсталық жұмыстарын орындау кезінде қолданатын құрал-жабдықтар: рулетка, деңгей өлшеуіш, циркуль, бұрыштама, егеулер, бұрауыш, қол аралар, сүргі түрлері, қашаулар, ойғыштар, бұрғылар, сонымен қатар электраралар, электрсүргілер, электрбұрғылар және т.б.

Ағаш ұстасы білуге тиісті:

–    ағаш ұсталық бұйымдардың құрылысын;

–         ағаш ұсталық операциялар түрлері мен оларды орындау реттілігін;

–         қол, электрленген аспаптардың,  ағаш өңдейтін станоктардың құрылымын;

–         желім ерітіндісін дайындау әдістерін;

–         сызбаларды оқу ережелерін  және т.б.

Ағаш ұстасы істей білуге тиісті:

         – ағаштың сырткы нышаны бойынша ағаш түрін, материал сапасын, ақауларын анықтауды;

         – дайындамалар, үлгілер, тетіктер, аспаптарды орынды жайғастыруды;

         – барлық ағаш ұсталық аспаптарды қолдануды;

         – ағаш ұсталық бұйымдарды тазалау мен жинақтауды.

Мамандықтың негізгі талаптары

         Қол қозғалысының ширақтығын, зейін тұрақтылығын, сақтықты, кеңістік ойлауды, көркемдік талғам, жақсы көзөлшемділік.