Онлайн курстар

Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің  I санатты қоғамдық пәндер оқытушысы Орыналиева Айжамал  2020 жылдың  шілде айының 27-і  мен  тамыз айының 8 –і  аралығында “Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында “Тарих” жалпы білім беру пәні  бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру онлайн курсының білім беру бағдарламасы бойынша, кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында, Астана қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен онлайн, wat’s app желісі , zoom , google classròom  қосымшалары арқылы курстан өтуде . Курста жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту, критериалды оқыту сияқты педагогикалық , технологиялық әдістерді қолдану арқылы сабақты тиімді ұйымдастыру , студенттердің білімдерін бағалау , пәндер бойынша сабақты жоспарлау т.б. оқытылады.  Бағдарлама тренері: Сапарова Анаргуль. Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында тыңдаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.  Сондай-ақ, тарих пәніндегі Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаттары мен, міндеттерімен , құрылымымен, мазмұнымен , критериалды бағалаудың ерекшеліктерімен танысу.Ұйымдастырушы: директордың ОӘІЖ орынбасары Омишова А.Н., әдіскер: Тусипбаева А.С.