Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.
Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:
- білім беру;
- ғылым;
- медицина;
- мәдениет;
- ауыл шаруашылығы;
- өнеркәсіп.
Көрнекті жетістіктің белгілері: - қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;
- өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;
- ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.
Қажырлы еңбектің белгілері: - ұзақ жыл бір салада еңбек ету;
- өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;
- кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;
- еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.
Қатысу шарттары:
- Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.
- Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 28 наурызға дейін.
- Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.
- Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.
- Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.