Ибадулла Махсут Жолдасұлы 40 жылдан астам уақыт бұрын институтты бітіргеннен кейін біздің колледжге қабылданды, ол осы күнге дейін біздің колледждің оқытушылары мен студенттеріне өзінің даналығы мен тәжірибесін береді. Махсұт Жолдасұлы өмірі мен кәсіби көзқарасы кең, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытудың жоғары деңгейіне ие, оқу процесінде сабақ өткізудің белсенді және интерактивті формаларын қолданады, ол білім беру процесінің теориялық және практикалық бағытын өте жақсы біледі. #жетістіккежетужолы