“Қазақстанның қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек Жолының ролі” тақырыбындағы ашық сабақ

1.03.2021.күні Қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы аясында, қоғамдық пәндер оқытушысы Орыналиева Айжамал Қазақстан тарихы пәнінен “Қазақстанның қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек Жолының ролі” тақырыбында,20-01топта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалаларында қала мәдениетінің дамуында Ұлы Жібек Жолының тармақтары мен атқаратын ролі туралы студенттерге түсінік беру. Сабақ барысында интербелсенді тақта, дүниежүзінің саяси картасы, үлестірме материалдар қолданылып ,сабақ өте қызықты және мағыналы өтті. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп , дәлелдер келтіріп , картадан Ұлы Жібек Жолының Қазақстан жеріндегі тармақтарын көрсетті. Сабаққа қатысқан оқытушылар сабақтың ұйымдастырылу деңгейіне жақсы баға берді.