Студенттер арасында интеллектуалдық сайыс

Ақпан айының 23- і күні Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде студенттер арасында «СөйлеSAY» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Сайысты ұйымдастырушылар: ағылшын тілі пәні оқытушысы Ержанова Еркежан Ержанқызы, ағылшын тілі пәні оқытушысы Арапова Ақсауле Нұрланқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тұрсын Ботакөз Сейілханқызы. Сайыс «Үш тұғырлы тіл» бағытында орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде өткізілді. Сайыс өте қызықты әрі тартысты болды. Сайыстағы сұрақтар әр түрлі тақырыптарда қойылып, студенттердің жан-жақты дамуына үлкен үлесін тигізді.