Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хаты

Қазақстан Республикасы Парламенттінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып “Nur Otan” партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында колледжіміздің басшысы Камал Әмірғалиұлы Жамангозов Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Колледж ұжымы атынан Камал Әмірғалиұлына жұмыста табыс, шығармашылық шабыт, отбасына амандық, деніне денсаулық, бақ – береке тілейміз.