«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңа міндеттер тұрғысынан жетілдіру»

Бүгін 24 тамыз күні Алматы қаласында, онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының тақырыптық алаңы өтті.  Қашықтықтан өткен тамыздық секция тақырыбы: «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңа міндеттер тұрғысынан жетілдіру».

Педагогикалық қызметкерлердің тақырыптық алаңы екі бөлімнен тұрды. Ұйым басшылары мен орынбасарларына арналған бөлім. Әр бөлім өзінің аумағындағы ауқымды сұрақтарды толық қамтыды. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру жүйесінің икемді жүйесін құру.

 Осы шараға қатысқан Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің әдіскері Тусипбаева Акмарал Сагатказиевна, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды. Құттықтаймыз!