Бүгін, 12 ақпан күні екінші санатты физика пәні оқытушысы жас маман Жарылқапова Жансая Әсілбекқызы өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушыларға арналған «Googleforms» қосымшасын дидактикалық материал жасауда қолдану тақырыбында шеберлік-сағатын өткізді. Шеберлік сағатының мақсаты: қашықтықтан оқыту кезіндегі оқытушылардың сабақты түрлендіру үшін арналған платформамен таныстыру, IT құзіреттілігін арттыру. Осы шеберьік сағатын өткізу үшін ZOOM MEETING бағдарламасы қолданылды, сонымен қатар карантиндік шараларды сақтай отырып, АҚжХКК оқытушылары оффлайн режимінде қатысты.Семинар шеберлік сағаты жас мұғалімдер үшін де, жоғары санатты мұғалімдер үшін де пайдалы болды.