Құрметті Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің білім алушыларының ата-аналары!
Сіздерге колледж әкімшілігінің 2020-2021 оқу жылының 2-ші жартыжылдығында онлайн-режимде ZOOM арқылы сілтеме бойынша ата-аналарды онлайн қабылдайтынымызды хабарлаймыз. Азаматтардан келіп түсетін мәселелер бойынша оңтайлы шешім қабылдау үшін алдын ала (бір күн бұрын) іс жүргізуші хатшының телефон нөмірлері бойынша өтініштің мәнін қысқаша баяндауды сұраймыз: 274-39-12 (жұмыс), 8-702-257-25-08 (ватсап). Қабылдау апта сайын сәрсенбі күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Құрметпен, АҚжХКК әкімшілігі.